БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыЖетісай ауданының «Тұрсынкүл апа»  бөбекжай —  балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы)ҚР, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы,Қазыбек би а/ә, Қабылан ата көшесі № 32 үй.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 8 775 255 1147 
электронды поштасы  Tursinkulapabobekzh@mail.ru
https://tursynkulapa-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Шырынханова Гүлбаршын Асқарқызының  «Тұрсынкүл апа» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2016 жылғы 01 тамыздағы  № 36-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 13.02.2019  жылы берілген. БИН 150740016447
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта  2023 жылғы 04 қаңтар № KZА4RVK00044412 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2016жыл
8Типтік ғимаратБір  қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны5 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенКіші  жас топ-7-10 минут Ортаңғы топ- 15-20 минут Ересек топ -20-25 минут  
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 125 балаға арналған. 07.02.2019 жылы 7 топқа  № 118  санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 18.02..2019ж 7 топқа  №19-30-10-05-6 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1 қабатты типтік жобада салынған, заман талабына сай салынған. Балабақша 120 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. балабақша  Әр топ 25 балаға лайықталған. Алайда 2023 жылдың қазан айынан бастап стандарт талабына орай 100 бала тәрбиеленуде. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 17.30 сағатқа дейін. Бес топ жұмыс жасайды.  «Балбөбек» кіші жас тобы «Балапан» кіші жас тобы, «Ақкөгершін» ортаңғы тобы, «Айжұлдыз» ортаңғы тобы «Балдаурен» ересек тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері  автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қайың, емен т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар – 3 дана;

— Компьютер – 1 дана;

— Ноутбук — 4 дана;

— Принтер-4 дана.

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітапхана бұрышы», «Табиғат бұрышы»,Білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған. (Шаштараз,асхана, дәріхана орталығы және спорттық дамытушы орталықтар).